Әйелді ауруханадан шығарған кезде оған баланың туу туралы медициналық куәлігі беріледі. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы ҚР Кодексінің 187 бабына сәйкес бала тууды тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу туралы фактін дәлелдейтін сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады. Баланы туу туралы медициналық куәлікте баланың анасы туралы барлық қажетті деректер (тегі, аты, әкесініңаты (бар болған кезде), сондай-ақ баланың туылған күні мен жынысы, құжатты беру күні көрсетіледі. Куәлікке лауазымды тұлға қол қоюы және медицаиналық ұйымның мөрімен куәландыруы тиіс.
Баланың тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтінішті ата-анасы немесе олардың бiреуi, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтініш жасау мүмкiн болмаған жағдайда – мүдделi адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкiмшiлiгi бередi. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке, егер ата-анасы немесе олардың біреуі шетелдік не азаматтығы жоқ адам болса, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, егер неке Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде қиылса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі.
Бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті береді.
Үш жұмыс күні өткен соң берілген өтініш бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі»;
«Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс»;
Баланың тууын мемлекеттiк тіркеу ата-анасының не олардың бiреуiнiң қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тiркеушi органда жүргiзіледi немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өтініш берушінің өтініші бойынша жазбаша түрде немесе портал арқылы электронды түрде берілуі мүмкін.
Баланы мемлекеттік тіркеу рәсімі екі жұмыс күнінен аспайды.
Сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталында баланың тууын тіркеудің екі тәсілі бар. Бірінші – ата-аналар баланың тууын онлайн режимінде тіркейді, бұдан кейін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға электрондық өтініш береді. Онлайн өтініш берудің екінші нұсқасы баланың тууына байланысты қызметтердің кешенін композиттік қызмет ретінде алуды пайымдайды. Бір қызмет арқылы баланың тууын тіркеуге өтініш, бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға өтініш беруге, сондай-ақ баланы балабақшаға кезекке қоюға (бұл жерде аталған қызметтер жеке де көрсетілуі мүмкін екенін атап өту қажет).
Проактивті бала тууды тіркеу
Бала өмiрге келiсiмен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келiп, сәбидi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтi алу ұсынысы жасалады. Баланың тууына байланысты проактивті қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба Қазақстанның барлық облыстарында іске қосылды.
Проактивті қағида бойынша қызметті көрсету үшін ЭҮП-дағы жеке кабинетте ұялы телефон нөмірін сіздің ЖСН-мен байланыстыруды жүзеге асыру қажет.
Сондай-ақ, туу бойынша жәрдемақы ресімдеу үшін шот нөмірін көрсету қажет. Тууын мемлекеттік тіркеуден кейін бала туралы қажетті мәліметтер оны мектепке дейінгі мекемелерге есепке қою үшін жергілікті атқарушы органдарға беріледі.
Қызметті алушының таңдауы бойынша дайын туу туралы куәлікті ХҚКО-нан алып кетуге, не курьер арқылы үйге жеткізуге тапсырыс беруге болады.
Бала күтімі бойынша ұзақтығын, баланның тууына байланысты әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың көлемін білу үшін мына мақаламен танысуды ұсынамыз – Декреттік демалыс.