Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру
Онлайн қызметін қалай алуға болады:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Жеке куәлік және/немесе оның заңды өкілінің куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде – нысан бойынша қағаз түрінде стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Порталда – көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.