Берілген дәрілік заттар, арнайы өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпарат
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен қол қойыңыз.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Қызмет көрсету нәтижесі
көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде – азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру.
Порталға жүгінген кезде – электрондық үкіметтің жеке кабинетінде ақпаратты қарау режимінде азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну.
Қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.