Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 415-бабына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының Кодекстің 165-бабы 3-тармағында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына Кодекстің 165-бабының 3-тармағында айқындалған талаптардың орындалуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Ұсынылған құжаттардың көшірмелері үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі, ол көрсетілетін қызметті берушіде қалады.
Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Хабарламамен өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделенген жауабы болып табылады.