Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Қызмет көрсету нәтижесі
Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.