Нөмiрлеу ресурсын бөлу және нөмiрлердi беру, сондай-ақ оларды алып қою
Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте қажетті қызметтің кіші түрлеріне сілтеме арқылы өту, содан кейін жаңа терезеде «электронды лицензиялау» порталы ашылады:
- Телефон байланысының қызметтерi және телефон нөмiрлеуiн қолданумен қамтамасыз етiлетiн қызметтер үшiн абоненттiк нөмiрлер;
- Ұялы байланыс желілерін, мобильдік телекоммуникациялық байланыс желілерін (оның ішінде жылжымалы радио/радиотелефондық және трангкингтік байланыс желілерін), спутниктік жылжымалы байланыс желілерін нөмірлеудің географиялық емес анықталатын аймақтары;
- Байланыс операторының өзінің клиенттеріне байланыс учаскелері әртүрлі территориялары бойынша үлестіруді біріктіруді талап ететін қосымша қызмет көрсету шартымен белгіленген телефон байланысын нөмірлеудің географиялық емес анықталатын аймақтары;
- Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің қажетті түрін таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
- Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабрламаларым» тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Нөмірлерді беру немесе оларды алып қою туралы бұйрық; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.