Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою
Қызметті онлайн қалай алу
- Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
- ҚР визалық-көші-қон порталына (vmp.gov.kz/main/user/consul-service) өту.
- Визалық-көші-қон порталында авторизациядан өту.
- Жеке мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Еркін нысандағы өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжат (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін).
- Есепке қою мөрі бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін).
Қызмет көрсету нәтижесі
1. Шет елдердегі мекемелер мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде - қағаз/электрондық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару туралы белгі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
2. "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде - Қазақстан Республикасының азаматтарын электрондық түрде есептен шығару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3. Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету кезінде - консулдық есептен шығарылғанын растайтын құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.