Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіңіз, жарамды ЭЦҚ болуы қажет.
- Атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін атқару құжатын АІЖО ААЖ-ге жіберу туралы хабарлама порталда қызметті алушының жеке кабинетіне түседі.
Қызметті Мемлекеттік органда әлде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚта алу (қажетті құжаттар):
- Қағидаларға 2, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
- Атқарушылық құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Cот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулысы.