Құжаттарды заңдастыру
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
жеке тұлға үшін:
- Еркін нысандағы өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы).
- Заңдастыруға жататын құжат.
- Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
заңды тұлға үшін:
- Еркін нысандағы өтініш.
- Уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы).
- Заңдастыруға жататын құжат.
- Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
- Құрылтай құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы).
- Өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы).
Қызмет көрсету нәтижесі
Тапсырылған құжаттарды заңдастыру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.